2015 жылғы 11 наурыз, Астана қаласы
«Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. «Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6737 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де орталық мемлекеттік органдарының Актілер жинағында жарияланған, 2011 жыл, №7) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілеттік жасау департаменті (бұдан әрі – Департамент), облыс прокурорлары, Астана және Алматы қалаларының, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және басқа да арнайы прокуратуралар атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымдық тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілері мен әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын тексеру және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізу, соттардың атқарушылық іс жүргізу саласындағы азаматтық істерді қарауына қатысу, сот актілерінің заңдылығын тексеру және олар заңсыз болған жағдайда наразылық келтіру арқылы атқарушылық іс жүргізу заңдылығына тұрақты және тиімді қадағалауды қамтамасыз етеді, атқарушылық іс жүргізудегі заңдылық жағдайын жүйелі түрде талдайды.
Қадағалау функцияларын тиімді атқару және заң бұзушылықтарға жедел шара қолдану мақсатында прокурорлар өз қызметінде Құқық қорғау және арнайы органдарының ақпараттық алмасу жүйесін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Бірыңғай сәйкестендірілген статистикалық жүйесін және басқа да ақпараттық ресурстары мен жүйелерін, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдаланады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Департаментте, облыс прокуратураларында, Астана, Алматы қалалық және оған теңестірілген прокуратураларда жұмыс, заңдылықтың жағдайын болжамдау, атқарушылық іс жүргізудің өзекті санаттары бойынша прокурорлық тәжрибені жүйелі түрде талдап, оның нәтижелері жұмыс топтарында, жедел және алқа мәжілістерінде қаралып, жүзеге асырылып жатқан қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды қабылдау мақсатында аумақтық-пәндік ұстаным бойынша ұйымдастырылады.
Пәндік ұстаным бойынша жұмыс, атқарушылық іс жүргізудің өзекті санаттарын анықтау және қолданыстағы заңнаманы, қадағалау қызметінің нысаны мен әдістемесін жетілдіру мақсатында заңдылық пен прокурорлық қадағалау жағдайына жүйелі түрде талдау жасайтын, жауапты тұлғаларды бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Пәндік бағыттарды белгілеу барысында аймақтың заңдылық жағдайын және ерекшеліктерін ескеру қажет.
Прокурорлардың мамандандырылуы прокуратураның жұмысын жоспарлау, талдау мен шолу жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде есепке алынады.
Аймақтық ұстаным атқарушылық іс жүргізуге қадағалауды жүзеге асыратын прокурорларға аумақтың заңдылық жағдайына талдау және мониторинг жүргізу мақсатында белгілі бір аумақты бекітуден тұрады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары:
атқарушылық іс жүргізуде денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өзін дербес қорғай алмайтын жеке тұлғалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттің мүддесін сақталуын қадағалау;
атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы нақты және біркелкі қолдануын қадағалау;
атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту, атқарушылық іс жүргізу саласындағы басқа да істер, оның ішінде сотпен банкрот деп танылған ұйымдардың конкурстық өндірісі шеңберіндегі істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілері мен әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығын тексеруді атқарушылық іс жүргізу құжаттарын зерделеу, тікелей атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Аумақтық прокурорлар өзінің орналасқан жерінде, осы Нұсқаулықпен атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелері орналасқан жердегі арнайы прокурорлардың қарауына жататын санаттарды қоспағанда, барлық атқарушылық құжаттар бойынша аумақтық бөлімшелерінде және жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалауды қамтамасыз етеді.
Арнайы мамандандырылған әскери прокурорлар орналасқан жері бойынша қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық істер бойынша әскери соттармен шығарылған, сонымен қатар әскери прокурорлардың, Қарулы күштер ұйымдарының, басқа да әскерлердің немесе әскери құралымдардың бастамасы бойынша не олардың қатысуымен қаралған қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық және әкімшілік істер бойынша өзге де соттармен шығарылған атқарушылық іс жүргізу құжаттары бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына қадағалауды қамтамасыз етеді.
Арнайы мамандандырылған көлік прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, жеке сот орындаушыларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына, сотпен атқарушылық құжаттары жазылған төмендегі:
көлік прокуратуралармен қозғалған (мүліктік өндіріп алу бөлігінде) немесе соттармен олардың қатысуымен қаралған, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру көліктегі ішкі істер органдарымен жүргізілген қылмыстық істер бойынша;
даудың мәні көлік инфрақұрылымының объектісі немесе тараптың бірі ретінде темір жол, автокөлік (жолаушыларды, жүктерді және багаждарды халықаралық автомобильдік тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі сулар, әуе, қалалық рельстік және магистральдық көлік құбыры, космос жүйесі ұйымдары, сондай-ақ аталған нысандар мен субъектілерге өздерінің өкілеттігін іске асыратын мемлекеттік органдар және көлік прокуратурасы болып табылатын, жергілікті және арнайы мамандандырылған экономикалық соттармен қаралған азаматтық істер бойынша;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі көлік прокурорларының немесе темір жол, автокөлік (жолаушыларды, жүктерді және багаждарды халықаралық автомобильдік тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі сулар, әуе, қалалық рельстік және магистральдық көлік құбыры, космос жүйесі ұйымдарына қатысты өкілеттіктерін іске асыратын уәкілетті органдардың бастамасы бойынша қозғалған, жергілікті және арнайы мамандандырылған әкімшілік соттарда қаралған әкімшілік істер бойынша қадағалауды қамтамасыз етеді.
Арнайы мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша табиғатты қорғау прокурорының бастамасы бойынша қозғалған не олардың қатысуымен қараған қылмыстық (мүліктік өндіріп алу бөлігінде), азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотпен шығарылған атқарушылық құжаттар бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының актілерінің, әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына қадағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Прокурордың талап қоюы (арызы) негізінде берілген атқарушылық құжаттың орындалу заңдылығына қадағалауды оның орындалу орны бойынша прокуратура жүзеге асырады, ал осы жұмыстың үйлестірілуі және бақылауы (есепке алынуы), орындалу орнына қарамастан (атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдарының бөлімшесімен не қызметкерімен), осы талап қоюды (арызды) ұсынған прокуратурамен қамтамасыз етіледі.
Қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген прокурорлар, оларды, сондай-ақ, заңды бұзуға әкеп соққан себептер мен жағдайларды жоюға және кінәлі тұлғаларды заңда көзделген жауапкершілікке тарту туралы шаралар қолданады.»;
6-тармақтың жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзуы анықталған жаңдайда, прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды, бұл бойынша қосымша тексеру жүргізуге шаралар қабылдауға және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту мәселені шешу үшін және заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жазбаша немесе электронды құжат түрінде жоғары турған прокурдың назарына жеткізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Прокурорлар сапалы және заңда белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің (бұдан әрі - САОД), оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттері (әрекетсіздігі) мен актілеріне және атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот актілеріне қатысты өтініштерін қарап, шешеді.
Өтініш атқарушылық іс жүргізу, ал қажет болғанда азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап етумен шешіледі. Атқарушылық құжаттың заңда белгіленген орындау мерзімі аяқталмаған атқарушылық іс жүргізулер прокуратураға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде зерттеліп, кері қайтарылуға тиіс.
Прокурор атқарушылық іс жүргізуді зерттеу кезінде сот орындаушымен атқарушылық әрекеттерінің, мемлекеттік бажды, атқарушылық санкцияны бюджетке өтеп алу шараларының, әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабында және 33-тарауының өзге де нормаларында көзделген құқық бұзушылықтар белгілері көрінетін борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуының, қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін қылмыстық қудалау органдарына сот шешімін орындамайтын тұлғаларға қатысты материалдарды тапсырудың заңдылығын, уақтылығын және толықтығын тексереді.
Атқарушылық іс жүргізуді (істі) зерттеу нәтижесі бойынша прокурор Бас прокуратураның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіпте тиісінше бекітілетін және қол қойылатын дәлелді қорытындыны және арыз иесіне жауап әзірлейді.
Сот актісіне немесе сот орындаушысының актісіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілген жағдайда атқарушылық іс жүргізу (іс) бойынша қорытынды жасалмайды.»;
9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңның бір рет өрескел немесе жүйелі түрде бұзылуын анықтаған жағдайда прокурор өз құзыретінің шеңберінде аумақтық әділет органдарына немесе атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелесінің басшысына, жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасына тиісінше мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысымен жіберген заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Прокурорлар прокурорлардың талап қоюлары бойынша мемлекет кірісіне, денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың пайдасына ақшалай және өзге де өндіріп алулар туралы атқарушылық құжаттар бойынша жекелеген негіздемелерге сәйкес республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдалану жұмысын ұйымдастыру бойынша уәкілетті органның, оның бөлімшелерінің және басқа да мамандандырылған ұйымдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын тексереді.»;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыс, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары кемінде жылына бір рет атқарушылық құжаттардың орындалуы бойынша үәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және олардың атқарушылық әрекеттерді жасауға уәкілеті бар лауазымдық тұлғаларының әрекетінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың сақталуын тексереді. Тексерудің қорытындылары туралы ақпарат Бас прокуратураға тексеру жүргізілгеннен кейінгі айдың 7 күніне дейін тапсырылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Департамент атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың өтініштерін қарау, қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтініштерді қарау, САОД-ның қызметін тексеру, атқарушылық іс жүргізудегі заңдылықтың жағдайын талдау арқылы жүзеге асырады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Департамент жүйелі түрде:
жеке негіздемелермен республикалық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органның, САОД-тың және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін тексереді;
мемлекет кірісіне ақшалай және басқа өндіріп алулар туралы атқару құжаттарының, сондай-ақ прокурорлардың талаптары бойынша шығарылған сот актілерінің орындалу барысындағы заңдылықтың жағдайына талдау жасайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17.Атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:
мемлекет пайдасына атқарылуы;
прокурордың талап арызы бойынша атқарылуы.
Мемлекеттің пайдасына атқарылуы заңда белгіленген орындау мерзімі бұзылған мемлекет пайдасына өндіру туралы қозғалған атқарушылық құжаттарға мониторинг жүргізу арқылы бағаланады.
Сол мақсатта осындай атқарушылық өндірістердің есебі жүргізіледі және мемлекет пайдасына өндіруге жататын орындау мерзімдері бұзылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша прокурорлық қадағалау актілері негізінде өндірілген жалпы сомамен осындай атқарушылық іс жүргізулер бойынша өндірілуге жататын жалпы сомаға шаққандағы арақатысы есептеледі.
Прокурордың талап арыздарының атқарылуы прокурордың талабы мен арыздары бойынша қабылданған сот актілері негізінде қозғалған атқарушылық өндірістерге мониторинг жасау арқылы бағаланады.
Сол мақсатта олардың есебі жүргізіледі және саналады:
прокурордың талап арызы бойынша өндіруге жататын жалпы сомамен прокурордың нақты өндірілген сомаларды шаққандағы арақатысы есептеледі. Прокурордың мүліктік емес талап арыздары бойынша және жеке меншік нысандағы ұйымдардың мүдделеріне қатысты ақша өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулер есепке алынбайды;
прокурордың мүліктік емес сипаттағы талап арыздары бойынша нақты орындалған сот актілерінің жалпы прокурордың мүліктік емес сипаттағы талап арыздары бойынша орындауда болған сот актілекріне шаққандағы арақатысы есептеледі. Атқару парағының жазылуынсыз орындалатын сот шешімдерін қоспағанда (АІЖК 282-бабы), прокурордың мүліктік емес талап арыздары бойынша барлық атқарушылық іс жүргізулер назарға алынады.»;
Төменгі тұрған прокуратуралардың қызметі басқада көрсетікіштер бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесімен бағалану мүмкін.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Департамент атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру жөнінде төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық жасауды және бақылауды қамтамасыз етеді, қадағалаудың осы саласындағы жұмыстың тиімділігін көтеруге қолдау көрсетеді, Бас прокуратураның басқа да бөлімшелерімен, Жоғарғы Сотпен, САОД-пен, ғылыми және оқу мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.».
2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілеттік жасау департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми түрде жариялануың қамтамасыз етуге.
4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырылуын қамтамасыз етуге.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.ДАУЫЛБАЕВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10726 болып енгізілді.